Qlang онлайн-платформасында Студенттің сабақтарға қатысу ережелері

1. Жалпы Ережелер

Бұл Студенттердің Qlang онлайн-платформасында сабақтарға қатысу ережелері (әрі қарай - Ережелер). Осы Ережелерді сақтау барлық платформа Пайдаланушылары үшін міндетті болып табылады.
Осы Ережелердің мақсаты - оқу процесінің барлық қатысушылары үшін жайлы, құрметті және нәтижелі оқу ортасын қамтамасыз ету болып табылады.

2. Негізгі принциптер
2.1. Ұқыптылық және жауапкершілік
- Студент белгіленген кестеге сәйкес сабаққа уақытында қосылуы тиіс.
- Сабаққа қатысу мүмкін болмаған жағдайда студент аккаунт-менеджерге немесе оқытушыға алдын-ала хабарлауы тиіс (сабақ басталғанға дейін кемінде 6 сағат бұрын).

2.2. Сабаққа дайындық
- Сабақты бастамас бұрын студентке тұрақты интернет байланысы, жарамды гарнитура және жұмыс жабдықтары бар екеніне көз жеткізу ұсынылады.
- Үй тапсырмасын орындау және сабаққа дейін материалдарды үйрену міндетті болып табылады.

2.3. Қарым-қатынас этикасы және Оқытушыға құрметпен қарау
- Оқытушыға және сабақтың басқа қатысушыларына құрметпен қарау міндетті болып табылады.
- Кедергі жасауға, дөрекі немесе келеңсіз сөздерге жол берілмейді.
- Оқытушының барлық ұсыныстары конструктивті түрде қабылданып, оқу нәтижелерін жақсарту үшін қолданылуы тиіс.

2.4. Фон және оқу атмосферасы
- Сабаққа қатысу үшін, алаңдататын факторларсыз, бейтарап фоны бар, тыныш орынды таңдау ұсынылады.
-  Бөгде адамдардың, қатты дыбыстардың немесе алаңдататын элементтердің болуын азайту ұсынылады.
- Студентке интерактивтілік пен оқу атмосферасын сақтау үшін камераны қосу ұсынылады.

2.5. Тәртіп және фокус
- Сабақ уақыты тек оқу мақсаттары үшін ғана пайдаланылуы керек.

2.6. Кері байланыс
- Оқу процесіне қатысты кез келген пікірлер немесе түсініктемелер дұрыс және конструктивті түрде білдірілуі тиіс.

2.7. Платформа ережелерін сақтау
- Сабақтарды тек Оқытушы мен Платформа әкімшілігінің рұқсатымен жазуға рұқсат етіледі.
- Студент ұсынылған материалдарға авторлық құқықты сақтауға міндетті.
- Платформаны пайдалану оның ережелерімен мен мақсаттарына сәйкес болуы керек.
- Платформада тіркелмеген пайдаланушылардың сабақтарға қатысуына жол берілмейді.

3. Ережелерді бұзған жағдайда қабылданатын шаралар
Бірінші бұзушылық: Оқытушы немесе менеджер Студентке бұзушылық туралы ескертеді және оны түзету бойынша ұсыныстар береді.
Қайталанған бұзушылық: Платформа әкімшілігі Студентке ресми ескерту жасайды.
Жүйелі бұзушылықтар: Егер Студент осы Ережелерді бірнеше рет бұзса, ол уақытша бұғатталуы немесе Платформа қызметтеріне кіру құқығынан айрылуы мүмкін.
Өрескел бұзушылықтар: Жеке тұлғаларды балағаттау әрекеттері, құпиялылықты сақтамау немесе ережелерді өрескел түрде бұзу сынды жағдайлар Платформа әкімшілігімен қарастырылады. 

Бұл жағдайда қолданылатын шаралар:
- Сабақтан дереу шығару;
- Аккаунтты уақытша немесе тұрақты түрде бұлағаттау;
- Қызмет көрсету келісім-шартын бұзу.

4. Қорытынды ережелер
Осы Ережелер Платформаны пайдалану шарттарын Студенттің қабылдаған сәттен бастап күшіне енеді. Осы Ережелерді бұзу әкімшілік шараларды қолдануға әкеп соғуы мүмкін, соның ішінде қызметтерді көрсетуден бас тарту.
Платформа әкімшілігі мынадай құқықтарды өзінде қалдырады:
- Осы Ережелерге өзгерістер енгізу. Барлық өзгерістер туралы Студенттерге алдын ала хабар беріледі.
- Сабақтарды алдын ала хабарламасыз жазу, сондай-ақ олардың орындалуын аудио және бейнемазмұнды жазу арқылы бақылау жүргізу. Жазылған материалдар тек әкімшілік мақсатта қолданылады және үшінші тұлғаларға жария етілмейді.

Техникалық қиындықтар туындаған жағдайда (мысалы, жеке кабинетке кіру мүмкін болмаса), Студентке Qlang онлайн-платформасының техникалық қолдау қызметіне жүгіну ұсынылады. Көмек алу үшін Студентке +7 771 993 0808 нөміріне қоңырау шалу немесе WhatsApp арқылы жазу қажет.

Келісімнің расталуы:
Платформаны пайдалану жалғастырылған жағдайда, Студент осы Ережелермен келісетінін растайды.

 

Расскажите друзьям
Рубрика: Обучение 24 Dec 2024